Сайт және сервис жайлы ақпарат

Tezsana.kz сандарды сан есімге айналдыруға арналған кішігірім сервис. Сервис қазақ тіліндегі сан есімдерді жазуда қиналатын әрбір адамға пайдасын тигізеді деген сенімдеміз. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп, экономика, сметалық жобалау, мемлекеттік сатып алу саласында істеп жүрген кісілер үшін бұл сервис таптырмас көмекші. Қазақ тілін үйреніп жүрген адамдар үшін сан есімдерді жылдам әрі оңай меңгеруіне де септігін тигізеді.

Жоба бірлестігі

Идея - Мейрамбек Таубалдиев

Кодинг, конвертер - Lab362

SEO, копирайтинг - Қуат Дүйсен

Ақпараттық және әдістемелік қолдау - ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Санды сан есімге айналдыратын бағдарламаның коды ашық және көпшілікке қолжетімді. Кодты осы сілтеме арқылы жүктеп алуға және өз жобаңызда пайдалануға болады.

Сервис жұмысына қатысты ұсынысыңыз болса немесе қандай да бір қателікті байқасаңыз ok@tezsana.kz имейлға жазыңыз.